28 Мамыр 2026
Страницы КГУ «Общеобразовательная средняя школа №8 имени Т.Бегмановой» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Деректер

Түркістан обдысы,Келес ауданы Білім бөлімінің «"№8 Т.Бегманова жалпы білім беретін мектеп» КММ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 2017 жылы 1 қыркүйекте Абай ауылының әкімдігінің қаулысымен ашылған. Мектеп Т.Бегманова көшесі 123, ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан.
Мектептің негізгі бағыты: математикалық-жаратылыстану. Оқыту мемлекеттік және өзбек тілдерінде жүргізіледі.
Мектеп екі ауысым тәртібімен жұмыс істейді.
Мектеп директоры Амирова Меруерт Нурмаханқызы.
Мектептің сыйымдылығы - 600 оқушы. 2025-2026 оқу жылында 1224оқушы білім алып жатыр.
Мектепте 139 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде: педагог-шеберлер - 1, педагог-зерттеушілер - 25, педагог- сарапшылар – 38, педагог- модераторлар бұл педагогикалық ұжымның 50% құрайды. Жыл сайын жұмысқа жас мамандар қабылданады.Оларға «Жас маман мектебі» ұйымдастырылып, біліктіліктерін арттыру жұмысы атқарылады.
Мектепте 170 орындық акт залы, 150 орны бар асхана, 310 шаршы метр спорт залы, спорт алаңы, 60 орындық оқу залы мен Интернетке қосылған 5 компьютері бар кітапхана, медициналық кабинеттер бар. Мектеп-лицейде 4 информатика, 4 мультимедиялық кабинет қызмет атқарады. Барлық компьютерлер Интернет желісіне қосылған және
1 STEM кабинеті бар.
Жалпы 1224
Мемлекеттік тілде 353 оқушы
Өзбек тілінде 871 оқушы
Сынып комплекті 58

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар