Тренинг сабақтарын жүргізу жұмысы 6 «Ә» сынып оқушыларына
Тақырыбы: «Менің мінезім – менің тағдырым»
Мақсаты: оқушыларды өздерінің мінез ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеттері:
- «мінез» түсінігінің мәнін ашу;
- тұлғаның тұрақты жеке мінездік ерекшеліктер жиынтығын қарастыру;
- мінез қалыптастырудың маңызды бөлігін құраушы ретінде өзінде ерікті тәрбиелеу.
Ой ексең – қылық аласың
Қылық ексең – дағды аласың.
Дағды ексең – мінез аласың.
Мінез ексең – тағдыр аласың.
(У.Теккерей)
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Мінездің бір қасиеті ретінде өзіңе сенімділікті дамыту үшін «Орныңнан тұр» бой жазу жаттығуы.
Сипаттамасы: Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жетекші өз қолынан саусақтар санын көрсетеді. Қанша саусақ көрсетілді, қатысушылардан сонша адам орнынан тұруы керек. Жаттығуды қалай орындау керектігі туралы алдын-ала келісуге болмайды. Жаттығудың мәні, шешімшілдікті, басқа адамдардың белгісін интуитивті түсінуді және олармен өз әрекетін ықпалдастыруды жаттықтыру, өзгеретін жағдайға реакцияны, сондай-ақ зейінділікті дамыту.
Нұсқаулық: Мен қанша саусақ көрсетемін сонша оқушы тұру үшін мұқият қарап отырыңдар. Алдын-ала келісуге болмайды.
Жаттығуды орындау 5-7 минут алады. Талқылауды төмендегідей сұрақтар бойынша жүргіземіз:
Қай уақытта тұру керек, қай кезде тұрмау керектігі туралы шешім қабылдағанда кім басшылыққа алды?
Кім бастамашылдық көтерді, ал кім қорықты (мүмкін, бір рет болса да орнынан тұрмағандар)?
Өзімізді түсіну және білу үшін жақсы көмектесетін «Психогеометрикалық тест».
Нұсқаулық:
Бес фигураға (квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, зигзаг) қараңыздар, сурет қағазда берілген. Олардың ішінен мынау «Мен» деп айтатын біреуін таңдаңыз! Өз формаңызды табуға тырысыңыз. Егер сіз таңдауда қиналсаңыз, она өзіңізді қызықтырған фигураны таңдаңыз. Оны №1
деп жазып қойыңыз. Сосын қалған 4 фигураны өз пікіріңіз бойынша рангілеңіз және нөмір ретімен жазыңыз.
Тұлғаның негізгі формасына қысқаша сипаттама
Квадрат. Сіз – шаршамайтын ебекқорсыз. Еңбексүйгіштік, күшею, қажеттілік бастаған істі аяғына дейін жеткізеді – шынайы Квадраттар осы қасиетімен ерекшеленеді. Төзімділік пен шыдамдылық оны өз саласының жоғары санатты маманы етіп шығарады. Квадраттар әрқашан тәртіптілікті жақсы көреді. Оларда жоспарланған, нақты өмір бар, оларға құбылыстың өзгерісі ұнамайды. Барлық осы қасиеттер Квадратты тамаша орындаушы және басшы етеді. Бірақ тәуекелмен байланысты немесе еріксіз оны созады. Бұдан басқа, рациональдық, құрғақтық және салқындық Квадратқа басқа адамдармен байланыс орнатуға кедергі келтіреді.
Үшбұрыш. Бұл форма көшбасшылықты білдіреді. Үшбұрыштың мінездік сипаты – ең басты мақсатқа бағытталуында. Бұл асау, күшті, энергиялық тұлға, өз мақсатына жетпей тынбайды. Өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де дұрыс және қызметті басқаруға деген күшті қажеттілік, үшбұрышты басқалармен үнемі бәсекелес бола алатын тұлға етеді. Үшбұрыштар дұрыс болмай қалуды жек көреді және өз қателіктерін мойындауда қиналады. Олар тек көрінген нәрсені ғана көреді, сондықтан өз шешімін өзгертуді қаламайды, жиі қарсы шығады, қалыс қалмайды және көп жағдайда өзбетінше әрекет етеді. Үшбұрыштан керемет басшылар шығады, олар кез-келген нәрседен пайдалы іс жасайды.
Олардың басты теріс қасиеті – өз-өзіне күшті бағытталуы. Үшбұрыштар барлығын өзін айналшықтап жүруге мәжбүрлейді, бірақ оларсыз өзінің өткірлігін жоғалтар еді.
Тік төртбұрыш. Бұл адамның өзгеруін білдіретін уақытша форма. Бұл адамдар қазіргі өміріне риза емес, сондықтан жақсы өмірді іздеушілер.
Тік төртбұрыштың басты мінез нышаны – өзгеріс кезеңінің барысында қылықтарының бей-берекеттігі және белгісіздігі. Олар күннен күнге өзгеруі, тіпті бір күнде жылдам өзгеруі мүмкін.
Сонда да, басқалар сияқты адамдарды өзіне тартатын Тік төртбұрыштың да жақсы қасиеттері бар. Бұл - қызығушылық, әрекеттік, болып жатқан нәрселерге қатты қызығушылық... батылдық! Олар қазіргі сәтте жаңа идеяға, құндылықтарға ашықтық, барлық жаңаны тез игереді.
Шеңбер. Бұл гармонияның мифтік белгісі. Бұ осы бес форманың ішінде ең ізгіліктісі, Шеңбер үшін ең жоғары құндылық – адамдар, олардың жақсы өмір сүруі. Бұл адамдар жоғары сезімталдықты, қабілетті, бірге күйзелуді игерген; олар басқаның қуанышын түйсінеді және басқаның қайғысын өз қайғысындай сезінеді. Адамдар Шеңберге қарай ағылады және оларды бағалайды.
Жалпы, Шеңберлер бизнес саласында нашар басшы болады. Олар тыныштық сақтауға тырысады және сол үшін мықты көзқараста болудан қашады. Олар үшін өзара жанжалдасудан ауыр ештеңе жоқ, олар үшін барлық адамдар бір-бірімен жақсы болғаннан артық қуаныш жоқ. Шеңберлер шешімшілдігімен ерекшеленбейді, саяси ойындарда әлсіз, бұның барлығы шеңберлерді өзінен күшті адамдардың басқаруына әкеледі.
Бірақ бірнәрседе Шеңбер беріктік танытады – ол морал мен шындықтың бұрмалануында.
Зигзаг. Бұл фигура Зигзагтың шығармашылығының, өзбетінділігін, интуитивтілігін білдіреді. Зигзагтың шеңберден айырмашылығы, татулықты қаламайды, қалаған нәрсесіне жол беру арқылы емес, керісінше – жанжалмен және осы жанжалоды шешу үшін жаңа теория құраумен жетеді. Бұндай адамдар әлемді үнемі өзгерісте көреді, сондықтан олар үшін өзгермейтін нәрседен артық іш пыстыратын ештеңе жоқ.
Оларға жұмыста тәуелсіздік, әртүрлілік және стимуляцияның жоғары деңгейі керек, Зигзаг сол кезде ғана өзінің негізгі қажеттілігін орындай бастайды – ол жаңа идеялар жасау. Олардың жағымсыз қасиеттері – ептіліктің жоқ болуы, жұмысты аяғына жеткіхуге дейінгі шыдамдылықтың жоқ болуы.
Нәтижелерді өңдеу. Әрбір бақылау категориясы бойынша белгі қойылады: ол жүзеге аса ма немесе ол сол адамда жоқ па. Бұдан кейін тұлғаның әрбір типі үшін (әр баған бойынша баға) мінез-құлық және психикалық ерекшеліктер элементтерінің жалпы көріну бағасы анықталады. Көбірек элементтер байқалған адам, сол адамда басым болып көрінеді. Ары қарай, интерпретация кестесін қолдана отырып, нәтижелердің интерпретациясы шығарылады.
Интерпретация. Сыналушының бірінші орынға қойған фигурасы немесе бақылаушының мінез-құлықтың көбірек бөлген элементі – бұл негізгі фигура (сыналушының субъективті формасы). Ол басым мінез нышандары мен мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалған 4 фигура – бұл оның мінез-құлқына әуен әкелетін өзіндік модуляторлар. Соңғы фигура өзара әрекетте сыналушы үшін қиындық туғызатын адам формасын көрсетеді. Өтірігі жоқ сұрау барысында, алғашқы таңдалған фигура сана
деңгейінде, ал екіншісі – бейсаналық деңгейде, ал үшіншісі – санасыздық деңгейде сыналушының қабылдауына сәйкес келеді.
Тапсырма «Сиқырлы алақан». Әрбір қатысушы өзіне қаламсап пен қағаз бетін дайындайды.
Қазір сіздер қағазға алақандарыңды қойып, айналдырып сызасыздар. Әрбір саусағына өзіңіздің ойыңызша сізді басқалардан ерекшелендіретін қасиеттерді , яғни шағын-портретіңізді құрасыз. Мен қағаздарыңды жинап алып, жазылған нышандарды оқимын, ал сендер кімнің шағын-портреті екенін қасиеті бойынша ажыратасыздар.
Жаттығу «Мен қандаймын?».
Сіздерге өз қасиеттеріңізге қатысты 3 ұсынылған қасиетті жазасыздар. Сіздерге көмек ретінде кейбір қасиеттердің тізімі беріледі.
Сөйлем:
- Мен өзімде мынадай .......... нышандар бар деп ойлаймын
- Басқалар, менде мынадай................ нышандар бар деп есептейді
Мен өзімде мынадай ............ нышандар болса екен деймін
Қасиеттер тізімі:
ұқыптылық
абыройлық
қызғаншақтық
арманшылдық
нәзіктік
құшақтау
әдепсіздік
мұқияттылық
дөрекілік
кінәмшілдік
шыншылдық
бірбеткейлік
белсенділік
ренжігіштік
күйгелектік
Рефлексия
- неге «жақсы/жаман» мінез нышандары болмайды?
- Сіздер қандай мінез нышандарын бүгін білдіңіздер?
- «Мінез» түсінігіне сипаттама беріңіздер.
- Мінез қалыптастыруда еріктің рөлі қандай?
Тақырыбы: «Күлкі әлеміне саяхат»
(1-4 сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ)
Мақсаты: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру. Күлкі және жымиюдың адам өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру; Дамытушылық. Балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік. Өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бір-бірімізбен көздеріміз арқылы амандасайықшы. Қазір әркімде әртүрлі көңіл-күй. Олай болса барлығымыз қызықты, жақсы сәтті есімізге алайық. Осы жерде «сиқирлы қолшатыр» көмекке келеді. (әшекейленген қолшатырды қолдану) — Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынамын. Кел, балалар, күлейік! Қабақ түйген не керек, Кел балалар, күлейік! Күлкі көңіл ашады, Күлкіменен түлейік! Көңілді боп жүрейік! Күлкіменен түлейік! Күліп өмір сүрейік! — Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.
Психологиялық жаттығу «Алма»
- Тәрбиеші: Егер бір-бірімізге алма сыйласақ , көңіл-күйіміз көтеріле ме?
- Балалар жауабы:
- Тәрбиеші: Қане келіңдер , өзіміз алма өсірейік . Бірақ ол жай алма емес , көңіл күйдің – сыйқырлы тәтті алма.
- Тәрбиеші: өздерің кілемнің кез келген жерді таңдап, жайғасып отырыңдар .
- Сендердің қолдарыңда тұқым бар деп елестетіп , жерге егіңдер . Оны күн жылытып , қамқор жаңбыр суғарып және жерден кішкентай ағаш сабақ көрінеді. Ол күшті және тік болып өседі. Міне , одан бір жапырақ өсіп
шығады . Кенеттен одан бутончик шығады, басында ол кішкентай болады, кейін ол үрленіп ашыла бастайды . Қараңдаршы қандай әдемі гүлдер пайда болды. Алма гүліңнің түсі қандай? Иісін иіскеп көріңіздер. Алма ағашын өсіріп қандай алма өскенін қарандаршы. Бізге өте жағымды және жанымызда қуанышты іс жасадық. Біздің жүзіміз күлкіге толды.
Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы ағамыздың: «Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім» деген сөздерінің жаны бар. Күлкі стреске қарсы ең басты құрал екені белгілі. Күлкі-адам өміріндегі ең қызықты сәт десе де болады. Жүзіңнен күлкі кетпесін дейміз ғой, күліп жүрген, жайдарлы адаммен сөйлесу әлдеқайда ыңғайлы емес па? Күлкі жұқпалы дейді. Бір адамның «хи-хи» деген күлкісінен өзің еріксіз күлуің мүмкін. Бірақ күлкі дегеніміз ең пайдалы инфекция.
Ендеше келесі жаттығуымыз «Күлкіңмен бөліс»
Психолог: ал қазір біз өз көңіл-күйімізбен күлімсіреу арқылы бір-бірімізге көңіл-күй сыйлаймыз.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Психологі: Менің қолымда сиқырлы қоңырау бар. Ол барлығымызға күлкі сыйлайды. Өйткені ол жай қоңырау емес, сиқырлы қоңырау.
Балалар бір-бірімізге қарап күлкі сыйлаймыз (күлімсіреу).
Балалар қоңырауды сыңғырлата күлімсірей отырып бір-біріне жалғастырады.
Психолог: Қоңыраудағы күлкім өзіме қайтып келді, сендерге рахмет.
Ақ тісті күлкіменен күлуді үйренейік
жағымсыз әдеттерден жиренейік,
Ешкімнен еш нәрседен қорықпай
мейірленіп әрқашанда күлейік.
Күлкі – бұл өз көңіл-күйіңе, ең жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.
Енді балалар кімнің әдемі күлкісі ұнады?
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Жаттығуды бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Кішкентай сиқырлы өзеннен сендер жан-жақты және қайталанбайтын бүгінгі бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек. Жан-жақты қайталанбайтын бүгінгі сабаққа дайын кім болып шықты? Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?
Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Жаңағы көрген бейнелеріңді үлгі тұтыңдар. Езуіміздегі күлкімен, шаттықпен сабағымызды бастайық.
«Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі, ал егер сен жыласаң сен жалғыз жылайсың» деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Күлкі денсаулықты жақсартып, адамның көңіл-күйін көтереді. Өзгелерге де қуаныш сыйлайды. Күлкі сізге бақыт сезімін әкеледі. Күлкі жандарыңызға серік болсын! Осымен бүгінгі күлкі сабағымыз сонына жетіп қалды. Қалай бүгінгі сабақта өздеріңізді жақсы бос сезіне алдынызба? Ылғи да осылай күліп жүріңіздер!
Психолог: К.Байтасова
АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата - аналар! 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
Оқушыларды «Соңғы қоңырау» іс –шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата – анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын - сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
Бітіріп кеткен,яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің мерекелік іс-шараларға келуіне рұқсат жоқ екенін ескертеміз.
ҚҰРМЕТТІ
АТА - АНА
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей - жай қарамауыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл - қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы - МІНДЕТ!
Мектеп директоры: Амирова Меруерт Нұрмаханқызы
